Бас дәрігер блогы

 Сайттың құрылған мерзімі 25.12.2014ж.

Алғы сөз

Құрметті Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері ресми сайтының қонақтары!

       Біз Сіздермен Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының “Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері ресми интернет-ресурсының бетінде қауышқанымызға өте қуаныштымыз!

Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы қазақстандықтарға жолдайтын Жолдауын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді. Диспансерде қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын заман талабына сай арттыру және әрбір тұрғынның қол жеткізу мүмкіндігін жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау қажеттілігіне басты назар аударылған.

    Халық денсаулығы – бұл қаламыздың басты капиталы, сондықтан да денсаулық сақтау саласындағы басталған барлық жаңа бастамалардың табысы әрбір медициналық қызметкердің адал атқарған қызметіне байланысты.

    Өмірде таңдап алған өз мамандығына бар жан-тәнімен қызмет атқарып отырған біздің медициналық қызметкерлеріміз тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін күш-қайратын аямай қызмет атқаратына сенемін.

      Сіздер біздің ресми сайтымыздан өздеріңізге қажетті барлық ақпаратты таба аласыздар. Өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелермен бөлісіп, біздің медициналық қызметкерлерімізге жылы лебіздеріңізді білдіруге болады. Сайттан сіздер денсаулық сақтау саласы бойынша соңғы жаңалықтар мен АТҚКД-нің жаңалықтары мен жоспарланған іс-шараларымен танысуға болады.

Баршаңызға денсаулық тілеймін!

АТҚКД бас дәрігері   Сапиева Ж.А.
Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru