24.03.2016 жыл Дүниежүзілік түберкүлезге қарсы күрес күні.

Дүниежүзілік түберкүлезге қарсы күрес күні – 1993 жылдың 24 наурызын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен (ДДҰ) ғаламдық маңызға ие мәселе деп таныды. Дүниежүзілік түберкүлезге қарсы күрес күнінің басты мақсаты жұртшылық пен қоғамның түберкүлез ауруының жағдайына назар аудару болып табылады.

24 наурыз таңдалған осыған байланысты, дәл осы күні 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох туберкулез қоздырғышы жайлы жариялады.

Жыл сайын түберкүлез ауруы 1,6 миллионға жуық адам өмірін алуда, олардың көбісі  95 %-ға жуығы дамыған елдердің тұрғындары. Жыл сайын түберкүлез ауруынан басқа жұқпалы ауруларға қарағанда, ересек адамдар зардап шегуде.  1992 жылы 24 наурыз туберкулез ауруының қоздырғышы – Кох таяқшасының ашылуының 100 жылдығына орай  Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағының бастамасы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге осы аурудың таралуы мен оның алдын алу және емдеу тәсілдеріне назар аудартуға шақыруға арналған бірінші Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнін  өткізілуін қаржыландырды. 1998 ж. бұл күні БҰҰ аясында ресми түрде атап өтіліді.

Туберкулез ауруының ересектер арасында алдын алудың аса тиімді тәсілдерінің бірі болып табылатын, жаппай флюорография. Оны жыл сайын 2 рет халық санатына байланысты өткізеді.

Балалар мен жасөспірімдердің арасында  туберкулезді анықтаудың маңызды әдісі – туберкулиндиагностикасы қолданылады . Әдіс ағзаның туберкулез бактериясын жұқтырғанын анықтауда жетекші болып табылады және оны қолдану баланың туберкулез жұқтырғанын ерте анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрестің кешенді жоспар әзірленді, 1932 жылдан бастап өз тарихын жүргізіп келген туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығы жұмыс істейді.

Туберкулезбен күрес жоспары, туберкулезге қарсы іс-шаралардың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған, инновациялық технологияларды қолдана отырып туберкулезді алдын алу, диагностика және емдеуге бағытталған. Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық шамамен 50 пайызға төмендеді, ал өлім – жітім 67 пайызға. Ғаламдық қор мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ынтымақтастығының арқасында, туберкулезге қарсы күрес бойынша кешенді жоспарлар шеңберінде іс-шаралар  жүзеге асырылады.

 

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru