Алматы қаласында Дүниежүзілік түберкүлезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өтті.

19-24 наурыз 2016 жылы  Алматыда Дүниежүзілік түберкүлезге қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өтті.  Іс-шаралар ұйымдастырушысы болған туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстанның жетекші фармацевтикалық нарығының АҚ “Химфарм” сауда маркасы SANTO Member of Polpharma қолдауымен.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық Қазақстанның бүкіл аймақтарында өткізілді. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай өткізілген биылғы айлық аясындағы бұл іс-шараның барысында халықпен етене жақын араласып, қауіпті кеселдің кесапаты жайлы түсіндіру, бұл инфекциямен күрес жолдары және  алдын алу жұмыстары жүргізілді. SANTO компаниясының бас директоры  Ижи Урбанец атап айтты:  “Қазақстан аймақтарындағы туберкулезбен күрес және эпидемиологиялық туберкулездің алдын алу проблемаларының өзектілігін ескере отырып, SANTO компаниясы көптеген жылдар бойы, туберкулезды емдеуге  арналған  бірқатар препараттарды шығарады. “Бірлескен іс-шаралардың өткізілуі тұрғындардың ауру туралы ақпараттылығын жоғарылату, өз уақытында медициналық көмекке жүгінулеріне және алдын алу шараларын насихаттау мақсатында өткізіледі, болашақта біз оны өзіміз жеңеміз, деп сенімдімін “.

SANTO компаниясы ең ірі отандық дәрі-дәрмек өндірушісі болып табылады. «Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС тегін медициналық көмек шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек үлесі жалпы көлемінің үштен бірден ас­та­мын «Химфарм» АҚ өндіріліп, жеткізіледі.GMP өлшемдеріне сай келетін заманауи фармацевтикалық өндірістің қалыптасуы SANTO компаниясының 2011 жылы Polpharma халықаралық фармацевтикалық тобына енуінің арқасында мүмкін болып отыр. Сол кезде қолданыстағы фармацевтикалық өндірістерді GMP халықаралық өлшемдеріне сай етіп жетілдіріп, жаңа өндірістерді құру бойынша кеңауқымды инвестициялық жобаны іске асыру басталды. Жоспарланған инвестициялар көлемі 100 млн АҚШ долларынан артық соманы құрайды. Тек ампулалық-инфузиялық цехқа салынатын инвестиция көлемінің өзі бүгінгі таңда 40 млн АҚШ долларынан асып отыр.

Елбасының көрсеткен бағыты шеңберінде фармацевтикалық өнеркәсіп сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеру үшін «Химфарм» АҚ 2013 жылы «Santo Академиялық бағдарламасы» атты оқу жобасын іске қосты. Оның аясында Астана Медициналық Университетімен, Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығымен, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен және Шымкент қаласындағы Химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен Өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандумдар шеңберінде студенттер, оқушылар мен ғалымдар компанияның Польшадағы және Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтары мен ғылыми зертханаларына барып, болашағынан үміт күттіретін ғылыми жұмыстарды қолдауға арналған гранттарды алады.

 Компания жоғары сапалы және қолжетімді дәрі-дәрмектерді өндіру арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына салмақты үлес қосып келеді, бұл Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын шығындарды айтарлықтай төмендетіп, республика бойынша емделушілердің барынша көп саны үшін дәрілерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді. 2014 жылдың 25 желтоқсанында Индустриаландыру күніне орай өткен Жалпы ұлттық телекөпір кезінде Елбасы «Шымкент дәрілік заттарды шығаратын көшбасшы қалаға айналып отыр. Естеріңізде болса, мен осы міндетті бұрында қойған болатынмын. Біз дәрі-дәрмектердің орасан зор мөлшерін сырттан тасып келдік. Енді қазір біз оны өзіміз өндіріп жатырмыз» деп айтқан болатын. Дәрі-дәрмектерді шығаратын отандық өндірушінің осылай кең құлаш жайып дамып отырғаны Елбасының білдірген үміттеріне сәйкес келіп отыр.  

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru