ШЖҚ «№21 Қалалық емханасы» МКК Ашық есік күні

2-21 1-21

2018 жылдың 1 наурызында Алматы қ. ШЖҚ «АТҚКД» МКК қызметкерлері және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің фтизиопульмонология кафедрасының доценті Дүниежүзілік туберкулезбен қүрес күніне арналған«Сіз туберкулезді жою тарихының бөлігі бола аласыз», «Біз-салауатты Қазақстан үшін!» атты ұранымен Ашық есік күні болып өтті.

Алматы қ. ДСБ-ның бас штаттан тыс фтизиопедиатры Садыкова Г.М. және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің фтизиопульмонология кафедрасының доценті Касенова Л.Ш. ата-аналар балалар туберкулезін ерте анықтау және диагностикалау туралы кеңестер алды. Кеңес алғандар әртурлі жастағы балалар-қатысқандар саны-15 адам. Сонымен қатар емханаға келушілер балалар дәрігер-фтизиатрынан, жалпы тәжірибе дәрігері, психологтар кеңесін алды. Қатысқандар саны 53 адам.

СӨС кабинетінің қызметкерлері емханаға келушілермен келесі тақырыптарда ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді: туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырған адамның қауіптілігі және оның ауыр салдары туралы, өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі сақтанудың мінез-құлқты қалыптастыру, алдын алу тексерулерінен өту қажеттілігін түсіну міндетті, БЦЖ вакцинациясының мәні және алғаш рет жұқтырған балалар арасында химиялық профилактика.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru