№17 Қалалық емханасында Ашық есік күні

17-1 17

05.03.2018 жылы Алматы қ. ДСБ-ның ШЖҚ «№17 ҚЕ» МКК қызметкерлері Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында Ашық есік күнін өткізді, бұл іс-шара: «Туберкулезден еркін әлем құру көшбасшылары қажет» ұранымен аталды. Сіз мамандарының қатысуымен туберкулез жою тарихындағы бөлігінің бірі болаласыз!

Бұл күні емханада фтизиатр кеңесін алғысы келетін емделушілерді қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды АТҚКД дәрігер-фтизиатр Кумекбаева Ж.Т. жүргізді, және де мейірбикелер: Сабитова Т.А., Муратова А.А. Сонымен қатар қабылдауды терапевт дәрігер мен СӨС дәрігері және емхана психологы жүргізді. Емделушілер тегін флюротексеруден өтті,

№25 ҚЕ учаскелік дәрігерлері мен мейірбикелері тұрғындар арасында АТМ тақырыбы бойынша туберкулездің белгілері, жұғу жолдарын, алдын алу және аурудың таралуы жөнінде санитарлық-ағарту жұмыстары мен сауалнама жүргізді. Емхананың барлық қабаттарында көрнекілік материалдар, күн сайын осы бір ай ішінде туберкулезді алдын алу бойынша бейне роликтер көтсетіліп тұрады. Суық тию және өкпе ауруларын алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Емханада анонимді түрде сауалнама жүргізілді және АТМ таратылды.

Қазақстанда туберкулезді ерте анықтау үшін заманауи диагностика, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әдістері қолданылады. Алматы қаласының АТҚКД-де туберкулездің диагностика және емдеу түрлерінің барлық инновациялық жеделдетілген әдістер енгізілген.

Соңғы 10 жыл көлемінде Қазақстанда туберкулез ауруының көрсеткіші 2,5 –ке төмендеді, ал өлім-жітім-6 –ға азайды.

Жаңа технологиялар мен инновациялық әдістері емдеу енгізілуінің арқасында, заманауи медицинада бірте-бірте ғасырлар бойы қалыптасқан туберкулезбен ауыратын науқастарға қатысты стереотипі жойылуда

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru