№25 Қалалық емханасында Ашық есік күні

25 25-3 25-2 25-1

05.03.2018 жылы Алматы қ. ДСБ-ның ШЖҚ «Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» МКК (АТҚКД) және ШЖҚ «№25 ҚЕ» МКК қызметкерлері Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында №25 ҚЕ базасында Ашық есік күнін өткізді, бұл іс-шара: «Туберкулезден еркін әлем құру көшбасшылары қажет» ұранымен аталды. Сіз АТҚКД-нің мамандарының қатысуымен туберкулез жою тарихындағы бөлігінің бірі болаласыз: фтизиатр Мухаметкаримкызы Э. М., балалар фтизиатры Қожахметова, Ж. Р, фтизиатрдың мейірбикесі Кунысбекова У. А.

№25 ҚЕ учаскелік дәрігерлері мен мейірбикелері тұрғындар арасында АТМ тақырыбы бойынша туберкулездің белгілері, жұғу жолдарын, алдын алу және аурудың таралуы жөнінде санитарлық-ағарту жұмыстары мен сауалнама жүргізді.

Күн соңында №25 ҚЕ медициналық қызметкерлері флэш-моб өткізді.

Акция нәтижесінде 34 адамға кеңес берілді, 42 адамнан сауалнама алынды, 280 дана АТМ таратылды. Емхананың барлық қабаттарында көрнекілік материалдар, күн сайын осы бір ай ішінде туберкулезді алдын алу бойынша бейне роликтер көтсетіліп тұрады.

Қазақстанда туберкулезді бақылау басым бағыт болып табылады және 2016 – 2020 жылдар «Денсаулық» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік денсаулық сақтау бағдарламасын дамытудың шеңберінде жүзеге асырылады.

Соңғы 10 жыл көлемінде Қазақстанда туберкулез ауруының көрсеткіші 2,5 –ке төмендеді, ал өлім-жітім-6 –ға азайды. Оң үрдіс Алматы қаласында соңғы 5 жыл ішіндегі көрсеткіші 37,2% төмендегені байқалады.

Біздің елде туберкулездің диагностика және емдеу түрлерінің барлық инновациялық жеделдетілген әдістер енгізілген. Жеделдетілген әдістерін диагностикалау үшін экспресс зерттеу (GeneXpert, Hain-test) туберкулездің және дәріге тұрақты түрімен зертханаларда туберкулезге қарсы қызметі қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Науқас тыныс алу органдарындағы бактерия бөліну туберкулезі жоқ болса, онда ол қала емханаларында амбулаториялық жағдайда бастапқы емдеуін алуға болады, ал шектеулі процесі бар науқастарға жұмысқа рұқсат беру шешімді бойынша дәрігерлік – консультациялық комиссиядан соң беріледі. Тіпті туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар 2 – 3 апта бақыланатын емдеу ұсынылуы арқылы қауіп-қатері болмайды.

Қазақстанда туберкулез емделеді!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru