06.03.2017жыл №22 ҚЕ-да Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «Туберкулезді тоқтатайық!» ұранымен Ашық есік күні өткізілді.

%d0%b3%d0%bf%e2%84%96-22Туберкулездің алдын алу мәселелерінде  халықтың санитарлық сауаттылығын жетілдіру және медициналық белсенділігін арттыру деңгейін көтеру мақсатында ШЖҚ «№22 Қалалықемханасы» МКК-да келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. 2017ж. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған АТҚКД-де ЖТД дәрігерлері, окулист, невропатолог, эндокринолог, гинеколог мамандарының қатысуымен ашық есік күні өткізілді ФГ тексеру жүргізілді. Қатысқандар саны (78 адам). Жалпы қатысқандар –212 адам.
  2. Учаскелік дәрігерлер және мейірбикелер тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді. 135 адамға сұхбат жүргізілді. Емхананың мейірбикелері барлық «Д» есепте тұрған науқастарды аралап оларды қабылдауға шақырды. Қабылдауда учаскелік терапевттер жеке сұхбаттар өткізді. Қатысқандар саны 21 адам.
  3. АТҚКД-нің мамандары Керимкулова Р.А және Абдильдаева Г.А. тұрғындарға арнап «Туберкулезді алдын алу» тақырыбында сұхбат өткізді. Қатысқандар саны 28 адам.
  4. №22 ҚЕ-да химизатор кабинетінде жауапты мейірбикелер науқастар арасында сұхбаттар өткізді. «Алғашқы белгілері, Адамдар қалай аурады? Жұғу жолдары және алдын алу» мәселері талқыланды. Қатысқандар саны 13 адам.
  5. Өзбекістаннан еңбек етуге келген Саялы ықшам ауданында тұратын көші қондар, «Туберкулезді алдын алу» және ФГ тексеру жүргізіліп сұхбат өткізілді. Қатысқандар саны 8 көші қон.
  6. Әйелдерге кеңесінде акушер – гинекологтар жүкті әйелдер арасында босанғаннан кейін ФГ тексеру мен жаңа туылған нәрестені вакциналаудың міндеттілігі туралы сұхбат өткізді. Сұхбатқа қатысқан тыңдарман саны 52. Ақпараттық-танымдық материалдар таратылды (брошюралар, парақшалар, буклеттер).
  7. 2017 жылы Алатау ауданының ХҚКО-да «Туберкулезді тоқтатайық!» ұранымен «Салауатты қала» акциясын өткізді. Келушілерге ақпараттық-танымдық матеиалдар таратылды.

 

 

 

 

№22 Қалалық емханасында тіркелген тұрғындар, туберкулезді ерте анықтау және алдын алу мақсатында алдын алу тексеріп-қарауға шақырылды, келушілерге ақпараттық-танымдық материалдар таратылды (брошюралар, парақшалар, буклеттер) – 200 данада.

 

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru