Инновациялар

8. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ«Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» МКК базасында халықаралық қатысумен «ТБ/АИТВ-ты заманауи емдеу жолдары» шеберлік сыныбы өткізілді  

IMG_62932015жылғы 22 қыркүйектен бастап 25 қыркүйек  аралығында ШЖҚ «АТҚКД» МКК қабырғасында халықаралық қатысумен «ТБ/АИТВ-ны заманауи емдеу жолдары» тақырыбында стационардың фтизиатр дәрігерлеріне арналған шеберлік сынып өткізілді.

Шеберлік сынып Пантелеев Александр Михайлович м.ғ.д., И. П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург Мемлекеттік медицина университетінің әлеуметтік маңызы бар инфекциялар кафедрасының профессоры, Ресей, Петрова Наталья Петровна м.ғ.к., Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының доценті және Ахметова Гүлжаһан Мажитовна — м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер, Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күресу орталығының емдеу-профилактикалық бөлімінің меңгерушісінің қатысуымен өтті.

Сондай-ақ, Пантелеев А. М., профессор  м.ғ.д. Санкт-Петербургтегі №2 Қалалық туберкулез ауруханасындағы ашылған АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың туберкулезін емдейтін жалғыз бөлімшенің  меңгерушісі болып табылады.

Шеберлік сынып туберкулез +АИТВ-инфекциясын емдеу және диагностикалаудың заманауи  әдістері бойынша презентациялар мен тренинг түрлерінде өткізілді. Туберкулез+ АИТВ-инфекцияларымен ауыратын науқастарды емдеу бойынша шетелдік жетекші дәрігер Пантелеев А.М. Ресейдегі болған клиникалық жағдайларды көрсетті, сондай-ақ, АТҚКД-дағы емделіп жатқан бірнеше науқастарға кеңес берді. Сонымен қатар,  туберкулез+ АИТВ-инфекияларымен ауратын науқастарды емдеу бойынша шетелдік Ресейдің  жетекші дәрігерімен және ЖИТС орталығының қызметкерлерімен бірегейлік тәжірибе алмасу өтті.

Барлық қатысушыларға Халықаралық үлгідегі сертификаттар тапсырылды, АТҚКД-дың 20 дәрігерлері шеберлік сыныпқа қатысты.

7-ші шеберлік сынып:32 2015 жылғы 19 мамырда АТҚКД қабырғасында өкпе туберкулезін хирургиялық жолмен емдеудің инновациялық тәсілін енгізу бойынша, атап айтқанда, плевра қуысын түзету үшін өкпе резекциясынан кейін тыныс жолдарының кең таралған туберкулезі, өкпенің қатерлі ісігі және тыныс алу органдарының басқа да аурулары бойынша кейінге қалдырылған экстраплевральная торакомиопластика шағын қол жеткізуден операция жасалды.

Шеберлік сыныпты ЛХО жетекшісі Бижанов Б.А. – жоғары санатты торакалды хирург өткізді.

6-шы шеберлік сынып: SAM_0271 2015 жылғы 9 маусымда туберкулезді кешенді емдеу үшін қақпақшалық бронхоблокацияны енгізу бойынша, оның ішінде көптеген және кең таралған дәріге төзімді, АТҚКД қабырғасында шеберлік сынып өткізілді. Бронхоскопия туберкулезді емдеу мен аспаптық зерттеу әдістерінің арасында көшбасшы орынға ие болды. КББ (қақпақшалық бронхоблокация) қолданылған науқастар саны – 9.

  1. 5. Сондай-ақ, 2015 жылғы 16 сәуірде АТҚКД әкімшіліктің бастамасымен “диабет Мектебі” бойынша дәрігерлер мен медбикелерге “Diafond” ҮЕҰ өкілі эндокринолог дәрігер А.Баймаганбетовпен оқыту жүргізілді. Фтизиатр дәрігерлері мен медбикелерді оқыту мақсаты –туберкулезбен, қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу болып табылады. Оқыту клиникалық қант диабеті ағымының және үйлескен туберкулез ауруларының тактикасын жүргізу кезіндегі ерекшеліктер туралы интерактивті тәртіпте өтті.

 

  1. АТҚКД-дағы торакалды фтизиохирургия бойынша шеберлік сынып

22015жылғы 19 мамырда АТҚКД ҚКЕ қабырғасында сағ. 10.00-де өкпе туберкулезін хирургиялық жолмен емдеудің инновациялық тәсілін енгізу бойынша, атап айтқанда, плевра қуысын түзету үшін өкпе резекциясынан кейін тыныс жолдарының кең таралған туберкулезі, өкпенің қатерлі ісігі және тыныс алу органдарының басқа да аурулары бойынша кейінге қалдырылған экстраплевральная торакомиопластика шағын қол жеткізуден операция жасалды.  Тәсілдің мақсаты резекциялық араласулардан кейінгі гемиторакс көлемін  ретке келтіру мүмкіндігін береді, өкпе паренхимасы кеңейіп кетуінің және туберкулез процесі емделу кезінде немесе емделу аяқталған шалғай кезеңінде рецидиві үдете түсуінің алдын алу болып табылады. Осындай операцияларды қолдану тәжірибесі Ресейде байқалады. Дәстүрлі торакопластикармен салыстырғанда айқын клиникалық әсері, операциядан кейінгі асқынулардың ең аз салыстырмалы салмағы, араласудың жарақаттану шағындығы оның практикалық қала фтизиохирургиясында қолдану орындылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Шараға ПТД хирург дәрігерлері, фтизиатр дәрігерлер қатысты.

Жедел оперативтік араласудың алдында жиналған фтизиатр дәрігерлер, торакальды хирургтер аудиториясы алдында, алдағы хирургиялық емдеу тәсілі туралы, орындау техникасы, қысқаша дамыту тарихы туралы, коллапсохирургиялық емдеу әдісін ұсынған авторлар туралы слайд ұсынылды.

Бүкіл операция барысын оны одан әрі тәжірибеде қолдану мақсатында, қалың көпшіліктің алдында одан әрі көрсету үшін бейне түсірілім түсірілді.

Жүргізілген операциядан соң науқастың жағдайы 2-ші тәуліктен кейін орташа ауырлықта. Оны операциялық 3-ші тәуліктен кейін хирургиялық емдеу бөлімшесіне ауыстыру жоспарланып отыр.

Операцияны жүргізген хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер Бижанов Бахтыбай Ахметжанұлы.

АТҚКД алдағы уақытта бұл операциялар түрін күнделікті практикада қолдануды жоспарлауда.

  1. Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері қабырғасындағы торакальды хирургиядан шеберлік сынып

912.09.2013

2013 жылғы 11 қыркүйекте Алматыда Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері қабырғасында АДБЖИ 50-жылдық мерейтойына орайластырылған «Еңбек нарығын жаһандандыру жағдайындағы Медициналық білім беру» халықаралық конгресс аясында “Өкпе туберкулезі кезіндегі эндобейнелікхирургия” атты шеберлік-сынып өткізілді.

Шетелдік мамандардың қатысуымен туберкулездің мультирезистенттік түрімен ауыратын 2 науқасқа бейне ассистенттік торакоскопия» көрсеткіш операциясы (ВАТС) видеоассистируемая торакоскопия” (ВАТС) 2 науқастарға мультирезитентной туберкулездің “ВАТС оң жақ өкпенің жоғарғы лобэктомиясы, және “ВАТС сол жақ өкпенің Плевропневмонэктомиясы” шеберлік сыныбын өткізді.  Конференцияға қатысушылар Гиллер Дмитрий Борисович м.ғ.д, профессор, Сеченов ат. Бірінші МММУ директорының орынбасары, Мәскеу қ., Ресей. өткізілді, Отс Олег Николаевич. – м. ғ. д., фтизиатрия және торакалды хирургия профессоры, Сеченов ат.Бірінші МММУ. Мәскеу қ., Ресей. Бижанов Әнуар Бахтыбаевич – м.ғ.к. Сеченов ат. МММУ, фтизиатрия және торакальды хирургия бөлімінің меңгерушісі.

Дәстүрлі хирургия эндовидео-торакоскопиямен салыстырғанда артықшылықтарға ие:

  • аз асқынулар
  • операциядан кейінгі ауырсынулар кем
  • ертерек бейімделуі (науқастар операция өткен күні тұра алады)
  • науқастың реанимация бөлімінде жату қажеті жоқ

косметикалық әсері – үлкен операциядан кейінгі тыртықтар денесінде қалып жатқан

жоқ,

Видео-торакоскопиялық операциялардан кейін науқастың стационардан ертерек шығуы және әдеттегі өмір салтын ұстану басталады

Туберкулездің деструктивті нысандарымен ауыратын науқастарды емдеуде хирургиялық әдістерді қолдану қазіргі уақытта өзекті және қажетті болып табылады.

Конференция жұмысына және шеберлік сыныпқа Қазақстанның барлық аймақтарының туберкулез қызметінің торакальды хирургтар дәрігерлері, қаланың туберкулезге қарсы күрес қызметінің дәрігерлері  қатысты. Операциялар сәтті өтті. Дәрігерлер торакальды хирургияның жаңа жоғары технологиялар әдістерімен таныстырылды

 

  1. Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері қабырғасындағы хирургиядан шеберлік сынып 03-04.12.2014 ж.

6шеберлік сынып халықаралық ынтымақтастық шеңберінде И.И. Мечников ат. Солтүстік-Батыс Мемлекеттік Медициналық Университетінің фтизиопульмонология және торакалды хирургия кафедрасымен өткізілді. (Санкт – Петербург қ., Ресей). Кафедра меңгерушісі, профессор Елькин А.В. және ассистент А.О.Барнаулов Алматы қ. Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерінде жеңіл жағдайында өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеуі бойынша шеберлік сынып өткізілді.  03-04 желтоқсанда 2 операциялық араласулар орындалды– жоғарғы лобэктомия және өкпенің аралас резекциясы. Ресейлік ғалымдармен және біздің хирургтармен резекцияны орындау, қантамырлары мен өкпе бронхтардың бөлек  өңдеу техникасын, туберкулезбен ауыратын науқастарды операцияға дайындау және операциядан кейінгі кезеңде емдеу бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді.

  1. Халықаралық серіктестік шеңберінде

Алматы қаласының фтизиатрларын оқыту жөніндегі

шеберлік сынып8

2014 жылғы 17 қарашадан бастап Алматы қаласы Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерінің базасында халықаралық серіктестік шеңберінде И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс Мемлекеттік медициналық университетінің (Санкт-Петербург, Ресей) фтизиопульмонология және торакалды хирургия кафедрасы өткізетін «Туберкулез диагностикасы, клиникасы және емдеу» тақырыптық жетілдіру көшпелі циклы басталды. Циклдың бірінші аптасы 2014 жылғы 17 қарашадан бастап  22 қарашаға дейінгі аралықты қамтыды. Сабақты кафедра профессоры М.Н.Кондакова және кафедра доценті К.Г.Тярасова жүргізді. Туберкулездің тұрғындар арасында анықталуы, бастапқы туберкулездің, таралған туберкулездің  дифференциалды диагностикасы, химиялық терапия және патогенетикалық терапия сияқты тақырыптар қамтылды.

Туберкулез бен қант диабетінің байланысы, АИТВ-аралас туберкулездің өзекті мәселелері қарастырылды. Туберкулезге қарсы күрес диспансері жергілікті қызметінің жұмыс бағыттары жеке блоктармен қамтамасыз етілді. Сабақ дәріс, интерактивті оқыту түрінде өткізілді. Жергілікті фтизиатрдың диспансерлік жұмысы, жалпы медициналық желіде фтизиатр қызметі бойынша тәжірибе алмасу мәселелері тыңдаушылардың қызығушылықтарын туғызды. Лекторлар тарапынан кең көлемдегі үлестірме материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, мигранттар, науқастар, бейәлеуметтік өмір салтын ұстанушылармен жұмыс практикасы бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

2014 жылғы бірінші желтоқсаннан бастап, цикл фтизиопульмонология және торакалды хирургия кафедрасының профессорлары А.В.Елькин (кафедра меңгерушісі), ассистент А.О.Барнауловтың жүргізуімен жалғасатын болады. Циклдың бұл қорытынды блогының тақырыбы ретінде фтизиатрияның қазіргі аспектілері, диспансер дәрігерлерінің жұмысы, туберкулезді диагностикалау, хирургиялық емдеу мәселелері қарастырылады. Сабақтың соңында тыңдаушылардың білімін тексеру үшін тест жүргізіліп, тыңдаушылар цикл бағдарламасы бойынша сынақ тапсырады.

Курсқа қаланың барлық диспансерлерінен 40 фтизиатр, фтизиопедиатр, диспансер меңгерушілері және стационар дәрігерлері қатысады.

Циклдың соңында тыңдаушыларға куәлік беріледі.

 

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru