Диспансер тарихы

Алматы қаласы Денсаулық сақтау Басқармасының Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ауданаралық туберкулезге қарсы күресу диспансері» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Алматы қаласының 2008-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту мен мемлекеттік бағдарлама ісін реформалау аясында Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері 2010 жылдың 28 желтоқсанында салынып, ал 2011 жылдың ақпан айында пайдалануға берілді. Жаңа аурухананың кілтін Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов бірінші бас дәрігер Мұқұшев Нұрлан Райымқұлұлына табыстады.

Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері өз қызметін Алматы қаласы денсаулық сақтау Басқармасының ұйымдастыру-әдістемелік басшылығымен жүзеге асырады.

2015 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорын ретінде (бұлан әрі – ШЖҚ МКК) болып қайта тіркеуден өтті.

ШЖҚ «Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» МКК (бұдан әрі – АТҚКД) туберкулез ауруымен ауыратын науқастарға стационарлы және стационар орнын алмастыратын көмек көрсетеді. Алматы қаласының тұрғындарына және аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері арқылы тіркеліп жоспарлы түрде емдеуге жатқызу Бюро порталының бағыты бойынша қызмет көрсетіледі. АТҚКД 2 (екі) корпустан тұрады, қазіргі уақытта 250 төсектік орны бар (яғни 230 төсек Алматы қаласы, 2-ші Остроумов к-сі 45 мекен-жайында тәулік бойына және 20 төсек Жетісу ауданы, 2-ші Гончарная 21 к-сі мекен-жайында күндізгі стационарда).

АТҚКД – де туберкулездің көптеген және дәріге кеңінен төзімді науқастарды емдеуге арналған №5, №6, №7 3 өкпе-терапия бөлімшесі (бұдан әрі – ТБ К/ДКТ), туберкулездің жаңа және қайта сезімтал форма жағдайларындағы науқастарды емдеуге арналған 3 өкпе-терапия бөлімшесі және өкпе-хирургиялық бөлімшесі орналасқан. Сонымен қатар, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесі (бұдан әрі – ЖСжҚТ) бар. ЖСжҚТ бөлімшесі 6 төсекке есептелген (инфекциялық жағдайы бойынша бөлу: ТМБ науқастарына арналған 3 төсек және ТМБ – науқастар үшін арналған 3 төсек, яғни 2 және 3 қабатта орналастырылған 2 бөлек пост бар).

Параклиникалық бөлімшелері:

Бактериологиялық бөлім АТҚКД КДЗ (2-ші Остроумов көшесі 45) санитарлық қызметтермен аурухана жобалау кезінде бекітілген, бөлмелермен ұсынылған, мекеменің үшінші қабатында орналасқан. Зертхана тек қана науқастардың КУБ+ бактериоскопиялық зерттеулерді анықтау бойынша, культуральдық және гендік-молекулалық зерттеулер үшін патологиялық материал ОБЗ-на тасымалданады. Зертхананың бөлмелері «таза және лас» аймақ деп бөлінген, қызметкерлер жеке санитарлық рұқсат арқылы кіруіне болады. Патологиялық материал арнайы терезе арқылы беріледі. Зертхана желдеткіш жүйесімен жұмыс істейді.

Орталықтанған бактериологиялық зертхана (ОБЗ) Алматы қ. Гончарная 21а, мекен-жайында орналасқан,ТБ – бен ауратын науқастарға бактериологиялық зерттеулер мен гендік-молекулалық зерттеулер жүргізеді (бактериологиялық: микроскопия, егу әдісі ДСТ, G-xpert, Hain-test,  BAKTEK экспресс әдістері).

АТҚКД – де Алматы қаласы үшін ТБ және К/ДКТ анықтау үшін клиникалық-рентгенологиялық сонымен қатар, диагностиканың қосымша әдістері (компьютерлік томограмма, бронхоскопия) жүргізіледі.

2015 жылдың 29-31 қазан аралығында АТҚКД-де аккредиттеуден өту шаралары өткізілді. Сыртқы бағалау нәтижесі мен аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша, 2015 жылдың 20 қарашасындағы №1286 бұйрығымен, АТҚКД 3 жылға аккредиттелді деп танылып 1-санат берілді.

2014 жылдың 7 қазанынан бастап АТҚКД бас дәрігер Сәпиева Жанар Әділханқызы басқарып отыр.

 

 

 

sam_0056

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru