Туберкулезге ықпалдастырылған бақылау жасау бойынша халықаралық конференция

2016-09-27-15-48-59-11412016 жылғы 26-27 қыркүйекте Алматы қаласында Туберкулезге ықпалдастырылған бақылау жасау бойынша халықаралық конференция өткізілді, оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы  Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қатысты.

Сонымен қатар, конференцияға Орталық Азия елдері, Қытай Халықтық Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары, Украина, Оңтүстік Кореядағы туберкулез бойынша Ұлттық бағдарламаларының мамандары мен  Денсаулық сақтау министрліктерінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ), USAID, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі Жаһандық қордың (GFATM), ХОУП жобасының (Project HOPE), АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталықтың (CDC), Ратгерс Университетінің және басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.  

2014 жылы ДДҰ Дүниежүзілік ассамблеяның 67-ші сессиясында «End TB» Стратегиясын қабылдай отырып, жаһандық туберкулез эпидемиясын тоқтатуды өзінің мақсаты ретінде жариялаған болатын. 2035 жылға қарай Стратегия 2015 жылмен салыстырғанда ТБ болатын өлімді 95%-ға және ТБ-дан сырқаттанушылықты 90%-ға төмендетуді, сондай-ақ бұл ауруды емдеуде ешбір отбасының артық шығындалмауына жағдай жасауды жоспарлауда.

«Қазақстанда 22 мыңнан астам адам туберкулез бойынша есепте тұрады. Мемлекет басшысының қолдауымен және соңғы 10 жыл ішінде туберкулезге қарсы іс-шаралар кешенінің сапалы іске асырылуының нәтижесінде Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2,2 есеге, ал өлім көрсеткіші 5 есеге төмендеді. Қазақстанда ТБ күресу жөніндегі іс-шаралар МСАК желісіне біріктірілген. Мемлекет туберкулезбен науқастарды емдеу үшін қажетті қаражаттар бөледі. Инфекциялық бақылау жасау шаралары күшейтілген. Бұл ауруды диагностикалаудың инновациялық  экспресс-әдістерін енгізу жалғасуда», – деп айтты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Линда Хейтцман, ХОУП жобасының атқарушы вице-президенті: «50 жыл ішінде ХОУП жобасы адамдардың денсаулығын жақсарту бойынша 123 елде жұмыс істейді. Біз әріптестерімізбен бірге жұмыс істейміз: олар мемлекеттік, халықаралық құрылымдар және ҮЕҰ. Біздің бірлескен күш-жігеріміз туберкулезден болатын өлімді  20%-ға төмендетуге мүмкіндік берді» деп атап өтті.

Конференцияның басты мақсаты Орталық Азия елдерінде ТБ алдын алу және оны бақылау бойынша тұрақты ұлттық жүйені құрудың төрт бағыты бойынша стратегиялық жоспарын әзірлеу:

1) ДДҰ «End TB» стратегиясына сәйкес нормативтік және қаржылық базаны реформалау және кадрлық әлеуетті нығайту;

2) әрі қарай ТБ алдын алу және халықтың осал тобына мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғамның тарапынан көрсетілетін қолдау мен оны емдеу ерекшеліктерін ескере отырып, пациентке бағдарланған амбулаториялық емдеуді енгізу;

3) ТБ диагностикалаудың алғы әдістерін енгізу және зертхана қызметін дамыту;

4) ТБ, оның ішінде дәрілерге көнбейтін түрлерін емдеу үшін жаңа әдістерді қолданумен тиімді емдеу сызбасын пайдалану.

Конференцияның 2-ші күнінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова алға қойылған міндеттер жөнінде айтып кетті. Бүгін, ДДҰ «End TB» стратегиясына сәйкес, Қазақстанда туберкулезді ықпалдастырылған бақылау үлгісі енгізіледі, ол біріншіден ТБ сырқаттану деңгейін төмендетуде МСАК ұйымдарының рөлі мен жауапкершілігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Екіншіден, халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсету қолжетімділігін қамтамасыз етеді және үшіншіден 2025 жылға қарай  2015 жылмен салыстырғанда халықтың ТБ сырқаттануын 50%-ға, өлім көрсеткішін  75%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Екі күн бойы сарапшылар ТБ алдын алу жөніндегі мәселелер бойынша пікірлесті. Барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволарды біріктіру, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігері туберкулез бойынша негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерді әрі қарай төмендетуге және жалпы елде бұл ауруды түп-тамырымен жоюға ықпалын тигізеді.
Туберкулезді ықпалдастырып бақылау деп  стационарлық, амбулаториялық тұрғыдан, үйде емдеу үлгісін және бірлестік деңгейдегі үлгіні айтамыз. Барлығы, ҮЕҰ және басқа да ұйымдар осы тәсілге белсене ат салысуы тиіс деп атап өтті туберкулез бойынша ДДҰ Бюросының лидері және жұқпалы аурулар бойынша үйлестірушінің міндетін атқарушы Масуд Дара.
Конференция шеңберінде ТБ бақылаудың басым бағыттары бойынша пленарлы отырыстар, жұмыс тобының отырыстары және әлемдік ғылыми орталықтардың жетекші мамандарымен шеберлік сыныптар өткізілді.
Конференция жұмысының нәтижелері бойынша туберкулезді бақылаудың заманауи әдістерін енгізу бойынша ұсыныстарымен қорытынды резолюция қабылданды.

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru