Біздің миссия

Алматы қ. ДСБ ШЖҚ “Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері” МКК

МАНДАТЫ

Қызметі: мекемені, медициналық қызмет сапасын ұтымды басқару, материалдық-техникалық, кәсіптік, кадрлық потенциалды жақсарту және медициналық қызметтердің спектрын кеңейту арқылы тұрғындардың денсаулығын жақсарту. Мақсаты: Қазақстан Республикасының Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің принциптеріне негізделген және медициналық қызметтердің сапасы мен тұрғындар денсаулығының көрсеткішін жақсартуға бағдарланған және  сапалы медициналық қызметтің қол жетімділігі мен бастапқы медико-санитарлық және консультациялық – диагностикалық көмектің дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету жолымен тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін ары қарай дамытуға және бекітуге еңбек сіңіру.  Тапсырмалары:

  • Мекемені басқаруды жетілдіру;
  • Мекемеде Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ары қарай дамыту
  • Медициналық көмектің қол жетімділігін көтеру;
  • Кадрмен қамтамасыз етуді жақсарту және дәрігерлік, медбикелік қызметкерлердің біліктілік деңгейін көтеру;
  • Тұрғындарға, бірінші кезекте әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту; жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың деңгейін түсіру;
  • Медициналық көмекті үздіксіз жетілдіру мақсатында медициналық көмек сапасын, клиникалық аудит жүйесін басқару жөніндегі қызметтің жұмысын жақсарту, медициналық көмек сапасының белгіленген ішкі және сыртқы индикаторларына және медициналық-экономикалық тарифтеріне сай емдеу үрдістерін бағалау;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды тазалық сақтауға үйрету;
  • Тәжірибеге инновациялық технологиялар мен профилактиканың, диагностика мен емнің заманауи әдістерін ендіру.

Біздің мекеменің негізгі құндылықтары:

  • Нәтиженің сапасын жақсарту мақсатында инновациялық технологиялар мен диагностика мен емнің заманауи әдістерін ендіру;
  • Емдеу-диагностикалық үрдістің барлық қол жетімді медициналық құралдарын игеру дағдыларын жетілдіру;
  • Мүшелерінің кәсіби өсуі мен біздің бәсекеге қабілеттілігімізді жақсарту мақсатында мекеменің ғылыми-білім беру қызметінің дамуына үлес қосу;
  • Дәрігерлік қайырымдылықтың, қайғыға ортақтасу мен науқас адамға көмек көрсету ықыласының дәстүрлі принциптерін сақтау.

Ерекше адалдықтың, адамгершіліктің,  жауапкершіліктің, тәртіптің принциптерін жетекшілікке алу.  

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru