Мемлекеттік қызметтер

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 1236 болып тіркелді РҚАО-ның ескертпесі. Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 “Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін: 1) “Дәрігерді үйге шақыру”; 2) “Дәрігердің қабылдауына жазылу”; 3) “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту”; 4) “АИТВ-инфекциясының болуына, ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу”; 5) “Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру”; 6) “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру”; 7) “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру”; 8) “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру”; 9) “Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру”; 10) “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру”; 11) “Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететінмедициналық ұйымынан анықтама беру”. 12) “Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу”; “13) “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау”. Ескерту. 1 – тармаққа өзгерістер енгізілді – Алматы қаласы әкімдігінің 15.08.2016 № 3/388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейіе күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы осы қаулының Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оныинтернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Алматы қаласы әкімдігінің “Алматы қаласында көрсетілетін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы” 2014 жылғы 11 мамырдағы № 2/337 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1058 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 маусымда “Алматы Ақшамы” және “Вечерний Алматы” газеттерінде жарияланған)күші жойылды деп танылсын. 4. “Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы” осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

 “Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  2. “Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 “Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген “Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – фтизиатр дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және қызметті берушінің мөрімен стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулез диспансерінен анықтама. Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама “Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі” деректер базасында тексеруден кейін беріледі. Анықтаманың жарамдылық мерзімі – күнтізбелік 10 күн.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
  4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар ) болып табылады. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 1) қызметті берушінің жауапты қызметкері қызметті алушының құжаттарын қабылдап, жеке басын куәландыратын құжат бойынша идентификация жүргізеді және “Туберкулез науқастарының Ұлттық Регистры” базасында бар/жоқтығын тексереді. Қызметті алушының мәліметтерін тіркеу журналына жазады және анықтама қағазын беріп, дәрігер-фтизиатрға жолдайды – орындау уақыты 20 (жиырма) минут; 2) дәрігер-фтизиатр рентген немесе флюорографиялық суреттерді тексеріп, анықтама қағазын қолы мен жеке мөрімен куәландырады – орындау уақыты 20 (жиырма) минут; 3) қызметті беруші басшылығы дәрігер-фтизиатрдың қолы мен дәрігерлік жеке мөрін идентификация жасайды, осыдан кейін қызметті беруші басшылығы қолы мен қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтама ұсынылады орындау уақыты 20 (жиырма) минут. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады: 1) қызметті алушының мәліметтерін көрсетілетін қызмет берушінің тіркеу бөлімінің жауапты қызметкерімен журналда тіркеуі және анықтама қағазын беру; 2) дәрігер-фтизиатрдың анықтама қағазына қолын және дәрігерлік жеке мөрін қоюы; 3) қызметті беруші басшылығының анықтама қағазына қол қойып, қызметті беруші мөрімен куәландыруы.
  5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
  6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) қызметті берушінің жауапты қызметкері; 2) дәрігер-фтизиатр; 3) қызметті беруші басшылығы. 8. Қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау: 1) қызметті берушінің жауапты қызметкері қызметті алушының құжаттарын қабылдап, жеке басын куәландыратын құжат бойынша идентификация жүргізеді және “Туберкулез науқастарының Ұлттық Регистры” базасында бар / жоқтығын тексереді. Қызметті алушының мәліметтерін тіркеу журналына жазады және анықтама қағазын беріп, дәрігер-фтизиатрға жолдайды – орындау уақыты 20 (жиырма) минут; 2) дәрігер-фтизиатр рентген немесе флюорографиялық суреттерді тексеріп, анықтама қағазын қолы мен жеке мөрімен куәландырады – орындау уақыты 20 (жиырма) минут; 3) қызметті беруші басшылығы дәрігер – фтизиатрдың қолы мен дәрігерлік жеке мөрін идентификация жасайды, осыдан кейін қызметті беруші басшылығы қолы мен қызметті берушінің мөрімен куәландырылған анықтама ұсынылады – орындау уақыты 20 (жиырма) минут. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығы Алматы қаласы әкімдігінің http://almaty.gov.kz ресми сайтында және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының http://almatyzdrav.kz. интернет – ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 “Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

  1. Жалпы ережелер
  2. “Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 “Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11304 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген “Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысан бойынша қағаз түрінде, ординатор дәрігер қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған медициналық картадан жазылып берілетін үзінді.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
  4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс – қимылдарды) бастауға негіздеме стандарттың 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар ) болып табылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс – қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 1) ординатор дәрігер стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмесін толтырады, қолын және жеке мөрін қояды – орындау уақыты 45 (қырық бес) минут; 2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы ординатор дәрігердің қойылған қолы мен жеке мөрін сәйкестендіру жүргізеді, қолы мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды, көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады – орындау уақыты 15 (он бес) минут. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс – қимылдың) нәтижесі келесі рәсімді (іс – қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады: 1) медициналық картадан жазылып берілетін үзіндіге ординатор дәрігер қолы және жеке мөрі қоюы; 2) медициналық картадан жазылып берілетін үзіндіге көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қолы мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қоюы.
  5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) ординатор дәрігер; 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (іс – қимылдардың) ретін сипаттау: 1) ординатор дәрігер стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмесін толтырады, қолын және жеке мөрін қояды – орындау уақыты 45 (қырық бес) минут; 2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы ординатор дәрігердің қойылған қолы мен жеке мөрін сәйкестендіру жүргізеді, қолы мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрін қояды, көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады – орындау уақыты 15 (он бес) минут. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Алматы қаласы әкімдігінің http://almaty.gov.kz ресми сайтында және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының http://almatyzdrav.kz. интернет – ресурсында орналастырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru