Мейірбике ісі

Денсаулық сақтау саласының маңызды бір бөлігі – бұл  мейірбике ісі. Бүгінгі таңда мейірбикелер денсаулық сақтау саласының көптеген қызметтерін атқаруда.

Мейірбике қызметіндегі медицина бикелерінің  ролі, функциясы, ұйымдастыру формалары өте ауқымды. Бүгінгі таңда мейірбикелердің бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету мен аурудың алдын алуда жүргізетін жұмыстарын баса айтуға болады. Тұрғындармен гигиена негізімен таныстыру, пациенттің стационарда болу мерзімін қысқарту, үйде көмек көрсетуді ұлғайту, оңалдыру-сауықтыру іс шараларын көбейту, түрлі интенсивті күту мен емдеу бөлімдерін қалыптастыру, паллиативті көмек көрсету және т.б. Бұл қызметке сұраныс өте үлкен. Әсіресе, қазіргі халық денсаулығының нашарлауына байланысты мейірбике қызметіне сұраныс көп болып отыр. Мейірбикеліс іс сондай-ақ, ауруға көмек көрсету мен оны жоспарлау, аурудан соң қалпына келуді қамтамасыз ету.

Мейірбике ісінде көзделген мақсат бұл – адам күтімі және оны емдеу мақсаты, азабын жеңілдету және денсаулығын нығайту болып табылады. Мұның мәні – жекелеген адамдарға көмектесу үшін, отбасыларға немесе топтарға анықтал, олардың өзін физикалық дамытуға және қол жеткізуге, ақыл-ой және әлеуметтік әлеуетін қолдап, олардың тиісті жағдайларына, яғни өмір сүру және жұмыс істеу деңгейлеріне қарап қарым-қатынас жасай білу. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіби кадрларды ұтымды пайдалану медициналық көмектің сапасы жақсарады, оның қолжетімділігі мен үнемділігі артады, денсаулық сақтау саласындағы ресурстарды тиімді пайдаланылады.

Әр түрлі елдерде өткізілген зерттеулер нәтижесі мейірбикелік көмектің әмбебап сипатын ашады және қажеттіліктерінің зор екендігін қоса айтты. Мейірбике ісіне тән түрлі қызмет жоспарлары мен жеке емделушігеде бағдарлану қажет.Медбикелердің білім беру деңгейін арттыру қажетті медициналық технологиялардың нақты мүмкіндіктерін сақтауға мүмкіндік жасайды, кепілдіктер сапасын қамтамасыз ету, диагностикалау және емдеп күтім жасау, мейірбикелік көмектегі науқастардың қажеттіліктері туралы білімді пайдалану және жинақтау.

Қазіргі уақытта мейірбикелерге, фельдшерлерге, акушеркаларға мейірбике ісінің философия мен теория аясындағы педагогика, психология сынды заманауи білім қажет, емдеу-профилактикалық мекемесіндегі ауруханалық ортаның қауіпсіз қамтамасыз ету бойынша талаптарын орындау. Олар манипуляцияларды дәл қазіргі заман талаптарға сәйкес шебер орындаулары қажет. Мейірбикелік процессті жүзеге асыру үшін мейірбике теориялық негіздеріді, тәжірибелі дағдыларды, заттармен қолдана білу мен науқастарды күтуді меңгеруі тиіс.

 

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru