Ішкі бақылау қызметі (ІБҚ) ережесі

Медициналық қызмет сапасының ішкі және сыртқы сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже медициналық қызмет көрсету сапасының ішкі және сыртқы сараптамасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарына және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектілері) қолданылады.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) медициналық қызметтер көрсету сапасын бағалау индикаторлары – медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестілігін көрсететін көрсеткіштері және оның құрамына мынадай индикаторлар кіреді;
құрылым индикаторлары – адам, қаржы және техникалық ресурстармен қамтылу көрсеткіштері;
үдеріс индикаторлары – профилактика, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау көрсеткіштері;
медициналық қызметтер нәтижелерінің индикаторлары – денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зардапты бағалау көрсеткіштері;
      2) медициналық құжаттама – көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасы көрсетілетін пациенттің денсаулығы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар;
      3) медициналық қызметтер көрсету сапасын басқару – өзінің қызметін жоспарлауды, ұйымдастыруды, уәждемелеуді, ішкі аудитті қамтитын, сондай-ақ пациенттер үшін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және денсаулық сақтау ұйымының деңгейінде өзінің қызметіндегі кемшіліктердің алдын алу мен жоюға бағытталған үздіксіз, өзара байланыстағы қимылдардың жүйелі, тәуелсіз және құжатталған үрдісі;
      4) ауруханаішілік комиссиялар – медициналық қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша медициналық ұйымның ішінде құрылған комиссия;
      5) ішкі бақылау қызметі (аудит) – медициналық ұйым деңгейінде м дициналық көмек сапасын басқару бойынша қызметті жүзеге асырушы және тиісті өкілеттігі бар медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
      6) клиникалық аудит – олардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгіленген стандарттарға сәйкестігіне жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралардың толық ретроспективалық және/немесе ағымдық талдауы;
      7) ішкі индикаторлар – медициналық ұйымның әрбір құрылымдық бөлімшесінің медициналық қызметінің тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтер сапасын талдау және бағалау үшін денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін сипаттаушы көрсеткіштер;
      8) сыртқы индикаторлар – медициналық қызметтер сапасына талдау және бағалау жүргізу нысаналы медициналық қызметтер тиімділігінің, толықтығының және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін сипаттаушы көрсеткіштер;
      9) индикатордың шектік мәні – жағымды құбылысты сипаттаушы индикаторлар үшін мақсаттық немесе жағымсыз құбылысты сипаттаушы индикаторлар үшін жол берілуші ретінде белгіленген мән.
      10) өзін-өзі бағалау – ішкі индикаторларға сәйкес өз медициналық қызметін бағалау үшін медициналық қызметкер және медициналық ұйымның әрбір құрылымдық бөлімшесінің медицина қызметкерлері мен басшысы жүргізетін процесс.
      3. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама болып бөлінеді.
      4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі сараптаманы (бұдан әрі – ішкі сараптама) әрбір медициналық ұйымда құрылған ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізеді. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне қарай медициналық ұйымның басшысы бекітеді.
      5. Медициналық қызметтер сапасына сыртқы сараптама (бұдан әрі – сыртқы сараптама) медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде медициналық және фармацевтикалық қызметтерді мемлекеттік бақылау органы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысымен бекітілген денсаулық сақтау саласында аккредиттеу Ережесіне сәйкес аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, өткізіледі.
      6. Медициналық қызметтер сапасына сараптама жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қарашадағы № 672 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің № 5870 мемлекеттік тіркелімінде тіркелген) Тәуелсіз сарапшыларды тарту ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      7. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама жүргізу барысында:
      1) диагностика және емдеу стандарттарын сақтау мәніне мамандардың іс-қимылына;
      2) денсаулық сақтау субъектілерінің материалдық-техникалық ресурстарының жарақтандыру нормативінің сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.
      8. Медициналық қызметтер сапасына сараптама жүргізудің негізгі қағидалары:
      1) жүйелілік – медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама құрылым индикаторларымен, үдеріс пен нәтижелерімен байланыстырылып жүзеге асырылады;
      2) объективтілік – медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама денсаулық сақтау саласындағы бекітілген стандарттарды пайдалана отырып жүзеге асырылады;
      3) жариялылық – медицина қызметкерлерінің көзінше тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырылады.
      9. Медициналық қызметтер көрсету сапасының деңгейін нақты жағдай бойынша анықтау медициналық көмек сапасының денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі мәніне жүргізіледі.
      10. Медициналық көмек сапасы деңгейін жалпы денсаулық сақтау субъектісі бойынша анықтау математикалық моделдеу жолымен жүргізіледі.

2. Медициналық қызметтердің сапасына ішкі сараптаманы ұйымдастыру тәртібі

      11. Ішкі сараптаманы әрбір медициналық ұйымда құрылған ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізеді.
      12. Ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды, медициналық ұйымдардың клиникалық қызметін талдауды, медициналық көмек көрсету тәртібін және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды бұзу фактілерін анықтауды, сондай-ақ емдеудегі пациенттердің шағымдарын қарау бес күннен аспайды. Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізген аудиттің нәтижесі бойынша медициналық ұйымның басшысы анықталған себептерді және көрсетілетін медициналық қызмет сапасының төмендеу жағдайын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
      13. Ішкі сараптама осы Ережеде белгіленген медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама жүргізу принциптері сақтала отырып жүргізіледі.
      14. Ішкі сараптама көп деңгейлі сипатқа ие: өзін-өзі бақылау, бөлімшелер басшыларының деңгейіндегі бақылау, ішкі бақылау (аудит) қызметі жүзеге асыратын бақылау.
Өзін-өзі бақылау деңгейіндегі ішкі сараптаманы бөлімшенің дәрігері, мейірбике жүзеге асырады.
Бөлімшенің деңгейінде ішкі сараптаманы бөлімше меңгерушісі мен аға мейірбике жүзеге асырады.
Ұйымның деңгейінде ішкі сараптаманы денсаулық сақтау ұйымында жалпы көмектің сапасын қамтамасыз етуге құрылымдық тәсілді белгілейтін ішкі бақылау (аудит) қызметі жүз

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru