Мед.қыз.сапасының сыртқы және ішкі сараптамасын ұйымд. және жүрг. ережесі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 58-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Бейсен Н.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгілеген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5545 тіркелген, 2009 жылғы 6 наурыздағы № 35 (1632) «Юридическая газета» газетінде жарияланған);
      2) «Медициналық қызметтер көрсету сапасының ішкі және сыртқы сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 677 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5878 тіркелген, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 «Юридическая газета» газетінде жарияланған).
      5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru