Пресс – конференция Национального научного центра фтизиопульмонологии

img_1362Баспасөз хабарламасы  22 ақпан 2017 жыл

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты   эпидемиологиялық жағдай қалыптасып отыр

img_1379

Бүгінгі күнде елімізде туберкулезбен сырқат  17 456 адам диспансерлік есепте тұрады, бұл 2015 жылға қарағанда  2283 адамға аз.

2016 жылы ауру бойынша көрсеткіш   9,9% төмендеп,  52,7 құрады, 2015 жылғы көрсеткіш  58,5 болатын, таралу көрсеткіші  13%  төмендеп, жүз мың адамға шаққанда  80,6 құрады,  2015 жылғысы   92,6  болатын.

Сонымен қатар ТБ көрсеткішінің 18 жасқа дейінгі  балалар арасында  21,6% төмендегендігі байқалуда,  13,4, 2015 жылғы көрсеткіш  17,1 болатын. 2016  жылдың қорытындысы бойынша өлім көрсеткіші 17,1% төмендеп, жүз мың адамға  шаққанда  3,4 құрады, 2015 жылғы көрсеткіш  4,1 болатын.  Сәйкесінше алғаш  рет туберкулезбен науқастанғандар саны  2016 жылы  874 адамға азайған,  2015 жылмен салыстырғанда  10255 –тен  9381 адамға дейін.

2015-2016 жылдарға арналған Ғаламдық бәсекелестік туралы Дүниежүзілік Экономикалық Форумның есебіне қарағанда,  “Туберкулездің таралуы” (Tuberculosis incidence)  факторы бойынша Қазақстан 2016  жылы 92-ші  орынды иеленген,  бұл 2015 жылмен салыстырғанда  9 орынға жоғары.

 

Сонымен қатар дәрігерлер бүгінгі күнде көптеген қазақстандықтардың туберкулезге қарсы вакцина алудан бас тартып отырғандарына алаңдаулы, бұл көп ретте діни сенімге орай болып отырған жағдай. Сәйкесінше ол балалар арасында туберкулездің жылдам өршіп кететін ауыр формаларының  артуына әкеп соқпақ.

 

Жыл сайын әлемде көптеген дәрілерге тұрақтылық танытатын (бұдан былай – МЛУ ТБ) жарты миллионнан астам жағдай тіркеліп отыр.  Қазақстан  МЛУ ТБ деңгейі жағынан ДДҰ басымдық 18 елінің қатарында.

ДДҰ өзінің  «EndTB»  стратегиясында  2035 жылға қарай   туберкулезден  қаза болу көрсеткішін  95%  төмендетуге және туберкулезбен науқастануды  90% төмендету міндетін қойып отыр.

ДДҰ «EndTB»  2016-2035 жылдарға арналған стратегиясына орай  Қазақстанда Туберкулезді   интеграцияланған бақылау моделі жасалған, онда ауруларды басқару бағдарламасы негізінде халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсету үшін    бастауыш медикалық-санитарлық көмек пен  туберкулезге қарсы қызметті  интеграциялау көзделген.

Бүгінгі күнде туберкулезге қарсы қызметтер мен бастауыш медикалық-санитарлық көмек арасындағы горизонтальды  интеграция   ( тубкабинеттерді     бастауыш медикалық-санитарлық көмек қарауына беру) аудан деңгейлерінде  88% және қала деңгейінде  26% – жүзеге асырылған. Туберкулездің алдын-алудың пәрменді шараларының бірі ретінде амбулаториялық емдеуді кеңейту болып табылады. Мәселен, 2015 жылмен салыстырғанда елде 2016 жылы   бактерия бөлмейтін науқастарды амбулаториялық жолмен емдеумен қамту  (29,1%) 2,1 есеге артқан.

Жұмағали  Ысмаилов, Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының директоры, профессор:

“Туберкулезге  қарсы ұйымдарды ірілендіру арқылы туберкулезге қарсы стационарларды орталықтандыру нәтижесінде елде олардың саны 89 –дан  33-ке дейін азайды, ал орын саны  10 032-ден  8 264-ке дейін кеміді. Осы орайда  905 922,5 мың  теңге үнемделді, ол қаржы туберкулез диагностикасына, инфекциялық бақылау мен амбулаториялық  емдеуге реинвестицияланды”.

Қазақстанда 24 ақпаннан бастап  24-наурызға дейін туберкулездің алдын-алу жөніндегі айлық басталады, ол туберкулезге қарсы күрес халықаралық күніне (24 наурыз)  орайластырылған, ұраны: “Туберкулезді жою үшін бірігейік!”.

Туберкулез әлемде көп таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады.  ДДҰ  2016 жылғы есебіне қарағанда,  жыл сайын әлемде   туберкулезбен  8,5 миллионнан аса  адам сырқаттанып, 1,3 миллион адам осы аурудан көз жұмады.

Айлық өткізудегі мақсат: жұртшылық назарын туберкулез проблемасына аудару.

«Туберкулезді жою үшін бірігейік!» ұранымен өткізгелі отырған айлық аясында мамандардың тегін консультациялары көзделген және  адамдар флюорографиялық тексерістен өте алады.

 

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru