Астанада Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы қызметтің тарифтерін қалыптастыру бойынша семинар

%d1%8d%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%be%d0%bc%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%8b %d0%b1%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bb%d1%82%d0%b5%d1%80%d0%b8%d1%8f-%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0

2017 жылдың 2-3 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы қызмет көрсетуді қаржыландырудың тетіктерін реформалау бойынша шараларды іске асыру аясында өңірлердегі туберкулезге қарсы диспансерлердің экономистерінің жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – облыстар ұсынған деректерді туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету шығындарын өтеу тарифтерінің құны және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылған тарифтерді бекіту туралы құжаттар пакетін қалыптастыру болды.

Алматының туберкулезге қарсы қызметіне 2018 жылға жоспарланған бюджет бойынша тарифтерді есептеудің негіздемесі туралы ақпаратты Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансердің бас бухгалтері Алимбаева З.С.баяндады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru