Қазақстан «Қызыл жартыай» ҮЕҰ-мен бірлескен жұмыс

20160913_111859Әр айда Қызыл жартыай қоғамының қызметкерлері мен еріктілер (волонтёр) кризистік жағдайларда қалған адамдармен жұмыс істейді. АТҚКД-да 2016 жылдың шілде айынан бастап ай сайын «Қызыл жартыай» еріктілерімен бірге Қазақстанда туберкулезді емдеу және туберкулезбен науқастарды әлеуметтік қолдау туралы диспансердің пациенттері арасында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Жетім балаларға көмек көрсету

Қазақстанның Қызыл жартыай қоғамы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл жартыай қоғамымен бірлесіп жетім балаларға көмек көрсетеді. Бірлескен жоба 2002 жылы басталды, ол кезде 50 бала көмек алатын, бірақ олардың саны жыл сайын өсе келе, қазіргі уақытта барлығы 2 644 бала бар.

Көмек әкесін жоғалтқан көпбалалы отбасынан және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға беріледі. Әр бала жылына 588 АҚШ доллары мөлшерінде (айына               49 доллар) жәрдемақы алады. Жәрдемақы 10 жасқа толмаған балаларға беріледі.

Жетім балаларға көмек көрсету мәселелері бойынша +7 (727) 272-33-98 телефоны арқылы жүгінуге болады.

Еңбек мигранттарына көмек көрсету

Қазақстанның Қызыл жартыай қоғамы мигранттардың және олардың отбасының қажеттіліктері жөніндегі мәселені үнемі көтереді және құқықтық мәртебесі бойынша кемсітушіліксіз көмек көрсетеді.

Қызыл жартыай ешқашан заңсыз еңбек көші-қонына көмек көрсетпейді, керісінше мигранттардың құқықтық хабардарлығын жоғарылатуға ықпал етеді.

Біз мигранттарға құқықтық кеңес, әлеуметтік, гуманитарлық көмек көрсетеміз, туберкулез, АИТВ және басқа да инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық сессиялар жүргіземіз.

Еңбек мигранттарымен жұмыс Астана, Алматы, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау, Семей, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы 8 ақпараттық-оқыту орталықтарының базасында жүргізіледі.

Жергілікті билік (әкімдіктер, көші-қон қызметі, денсаулық сақтау ұйымдары), коммерциялық ұйымдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар Қызыл жартыай қоғамын біледі және Қазақстан Республикасының аумағында мигранттарға көмек көрсететін жалғыз ұйым ретінде таниды.

Еңбек мигранттарына көмек көрсету мәселелері бойынша +7 (727) 291-62-91 (ішкі 706) телефоны арқылы немесе e-mail:migration@redcrescent.kz электрондық мекенжайы бойынша жүгінуге болады.

Босқындарға көмек көрсету

Қызыл жартыай қарулы жанжал аймақтарынан келген босқындарға материалдық және медициналық көмек ұсынады.

Босқындарда өздерінің құқықтары, ережелері, заңды шаралары туралы ақпараттың болмауы олардың құқықтарының бұзшылығына әкеледі. Құқықтық нормаларды білмеудің басты себептерінің бірі босқындардың білікті тегін заңды көмек ала алмауы болып табылады.

Қызыл жартыай  босқындарды әлеуметтік бейімдеу саласында үлкен тәжірибеге ие және Қазақстанда тұратын босқындарды біріктіру үшін қолайлы жағдайлар жасауға күш салады.

Босқындарға көмек көрсету мәселелері бойынша +7 (727) 291-62-91 (ішкі 710) телефоны арқылы немесе e-mail:medmigration@redcrescent.kz электрондық мекенжайы бойынша жүгінуге болады.

Туберкулезбен науқастарға көмек көрсету

Туберкулезді сәтті емдеу нәтижесі көбінесе науқастың өзіне байланысты болады. Науқас дәрігердің барлық тағайындауларын қатаң түрде сақтап, емін үзбеген жағдайда туберкулезді емдеуге болады. Егер науқас дәрігердің нұсқаулықтарын сақтамай, аурудың бастапқы кезеңінде емді үзген жағдайда туберкулез ауыр түрде қайталанып, айналадағылар үшін қауіп төндіруі мүмкін.

Қызыл жартыай қоғамының туберкулезбен күресу бойынша негізгі жұмысы науқастарды емінен бас тартпауға уәждеуге, сауығуға итермелеуге негізделген. Біздің патронажды мейірбикелер және мультитәртіптік топтар туберкулезбен науқастарға барып, олардың емделу режимін бұзбауына және дәрігерлер жазып берген дәрілерді үзбей қабылдап отыруына бақылау жасайды. Егер науқас емделу режимін сақтамаса, оған азық-түлік жинағы беріліп отырады. Егер науқас дәрігердің ұйғарымын сақтамаған жағдайда азық-түліктер берілмейді. Азық-түлік жинағы емделу режимін сақтауға уәждейді. Қызыл жартыай қолданатын осындай тәсілдер емделген науқастардың санын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, біздің қызметкерлер мен еріктілер туберкулезбен науқастарға және олардың туыстарына психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Туберкулезбен науқастарға көмек көрсету мәселелері бойынша: +7 (727) 291-62-91 (ішкі 709) телефоны арқылы немесе e-mail:g.zhumakairova@redcrescent.kz электрондық мекенжайы бойынша жүгінуге болады.

АИТВ алдын алу

Қазақстанда АИТВ-инфекциясы халықтың осал тобында шоғырланады. Әсіресе,  инемен есірткі тұтынатындарда, секс қызметкерлері мен олардың қызметін алатындарда жұқтыру қаупі жоғары. Сонымен қатар, осал топқа сексуалдық байланыста белсенді болып табылатын жастар кіреді.

 

Қызыл жартыайдың АИТВ-инфекциясымен күресу бойынша негізгі жұмысы осал топ арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады. Біздің қызметкерлер және еріктілер «тең теңімен» қағидаты бойынша АИТВ науқастарды қолдау топтарын ұйымдастырып, науқастарға және олардың туыстарына психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсетеді, жастар мен жалпы халық арасында ақпараттық сессиялар өткізеді.

АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселесі бойынша +7 (727) 291-62-91 (вн. 709) телефоны арқылы немесе на e-mail:g.zhumakairova@redcrescent.kz электрондық мекенжайы бойынша жүгінуге болады.

 

 

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru