Туберкулез Европада 7 мың жыл бұрын пайда болған

 

Ғалымдар туберкулездің Европада 7 мың жыл бұрын пайда болғанын анықтады. Бұл қорытындыны археологтар PLoS One журналында жарияланған мақалада кеш неолитке жататын Венгрияда жерленген адам сүйектерін зерттеу қорытындысына сүйеніп жасады.

Венгрияның оңтүстігіндегі Ходмезевашархей қаласының маңындағы неолиттік мекендерді қазғанда табылған 71 қаңқаны Мюриэль Мэссон жетекшілігімен Эдинбург университетінің қызметкерлері және Венгриядағы Сегед қаласындағы университет қызметкерлері зерттеген. Нәтижесінде көптеген инфекциялар мен патологиялық үрдістердің орындарын анықтады. Ал кейбір қаңқаларды зерттей келе Мари-Бамбергер синдромы деген атпен белгілі, гипертрофикалық өкпе остепатиясы нышандарын тапты.Африкада туберкулез 70 мың жыл бұрын пайда болғандығын анықтады.Остеопатияның бұл түрінің негізгі себептерінің бірі туберкулез болуы мүмкін . Зерттеудің авторлары Израйльде табылған археологияларда бұдан 9 мың жыл бұрынғы археологиялық қазбалармен , ұқсастықтың бар екенін тапты. ТУБЕРКУЛЕЗ Бұл aғзағa туберкулез бактериялары түсіп дамитын жұқпалы ауру.Ең алдымен өкпе зақымданады, кейде ми мен оның қабықшалары, омыртқа, бүйрек, лимфа туйіндері, буын, жыныс мүшелері және басқа да ағзалар зақымдана бастайды.Жұқтырушы туберкулезге шалдыққан адам болып табылады.Туберкулез қауіпті ауру.Жыл сайын 8,8 миллион адам туберкулезбен аурады.Ем қабылдамайтын әp6ip наукас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұктырады. Туберкулезге шалдыққандардың 75% 20 – 40 жастағы адамдарды кұрайды. Жыл сайын әлемде 2 миллионнан астам адам осы аурудан қайтыс болады.

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru