«Туберкулездің бизнеске ықпалы»

%d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%ba%d0%b0%d0%b7-%d1%80%d1%83%d1%81-%d0%b3%d0%b8%d0%ba_001 %d0%bf%d1%80%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%82%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%ba%d0%b0%d0%b7-%d1%80%d1%83%d1%81-%d0%b3%d0%b8%d0%ba_002

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2017-2018 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес, Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Туберкулездің таралуы»  («Tuberculosis incidence») факторы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен (138 елдің ішінен 92-орын алған) салыстырғанда 2 позицияға жақсартты және 138 елдің ішінен 90-орын алды.

Қазақстанда туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2017 жылы  100 мың халыққа шаққанда 2007 жылғы 126,4-ке қарсы 52,2-ні құрады.  Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 6 есеге төмендеп, 3,0-ді құрады.        

Наурыз айында елімізде туберкулездің бизнеске ықпалы жөнінде, бизнес құрылымдары өкілдеріне сауалнама жүргізу түріндегі жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) сауалы өткізіледі.  Қатысушылар қатарында шағын, орта, ірі бизнес өкілдері болады. ДЭФ сауалының қорытындысы бойынша халықтың туберкулез жөніндегі сауаттылық деңгейі бағаланады.    Бизнес басшыларының туберкулездің бизнеске ықпал ету қаупінің жоқ екендігін объективті түрде бағалауы  еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингінің өсуіне және инвестиция тартудағы өзіндік тартымдылығының артуына септігін тигізеді.

Елімізде туберкулезді жаңа дәрілермен емдеудің қысқа мерзімді схемалары енгізілуде. 2017 жылғы 31 желтоқсан күні  көптеген дәрілерге көнбейтін және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезге шалдыққан 373  пациент 5-топ дәрілерімен емдеуге алынды (2016ж- 215; 2017ж.- 158).  Сонымен қатар, Қазақстанда туберкулезді алдын алу, диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізілетіндігін ескерте кету қажет.  Тез диагностикалау әдістері мен тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектер арқасында туберкулезді толығымен емдеуге болады. Туберкулезді еңсеріп, айығып кеткен адамдар оқып, еңбек етіп, дүниеге дені сау сәбилер әкеліп, мәнді де мағыналы өмір сүре алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru