АТҚКД-нің Жарғысы

Алматы қаласы әкімдігінің

                                                                                                       2014 жылғы «15» 12 № 4/1034                                                                                                                            қаулысымен бекітілген    

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық

жүргізу құқығындағы «Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 қарашадағы № 4/875 «Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының оралымды басқару құқығындағы «Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының заңды мұрагері болып табылады.
  2. Кәсіпорын денсаулық саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлғаның мәртебесіне, шаруашылық жүргізу құқығында мүлікке ие мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы ұйым болып табылады.
  3. Кәсіпорынға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің қызметін Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Құрылтайшы) жүзеге асырады.

Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырушы орган Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.

  1. Кәсіпорын өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлiк туралы» Заңына, әкімдіктің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорынның атауы:

мемлекеттік тілде: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны; орыс тілінде: Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Противотуберкулезный санаторий «Каменское плато» Управления здравоохранения города Алматы.

  1. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050030, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, 2 – ші Остроумов көшесі, 45 үй.

   

  1. Кәсіпорынның заңды мәртебесі
  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
  4. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

   

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты денсаулық сақтау саласында өз қызметін жүзеге асыру болып табылады.
  2. Кәсіпорын аталған мақсатқа қол жеткізу үшін қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:

1) медициналық қызмет, қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды: ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша амбулаториялық емханалық көмек: алғашқы медициналық – санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті көмек; консультациялық диагностикалық көмек: диагностика: рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық; зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер; акушерлік және гинекология; педиатрия; терапия; анестезиология және реаниматология; психиатрия: психотерапия; фтизиатрия; стоматология; ересектерге мына мамандықтар бойынша стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек: диагностика: рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық; зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер; акушерлік және гинекология; терапия; жалпы хирургия: торакалдық; трансфузиология; анестезиология және реаниматология; психиатрия: психотерапия; фтизиатрия; стоматология; еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiби жарамдылық сараптамасы; 2) есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласында; 3) фармацевтикалық.

  1. Мемлекеттік лицензиялауға жататын қызметтерді тиісті лицензиясы болған жағдайда Кәсіпорын жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорынның осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
  3. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  4. Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

   

  1. Кәсіпорынды басқару
  1. Құрылтайшы заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) Кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды; 2) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органға өкiлеттiк бередi; 3) коммуналдық мүлiктi Кәсiпорынға бекiтедi; 4) Кәсiпорынның филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм бередi; 5) Кәсiпорынның мүлкiн пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, жалға алуға, өтеусiз пайдалануға және сенiмді басқаруға беру туралы шешiмдер қабылдайды; 6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Басқару органы заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі қызметтерді жүзеге асырады: 1) Кәсiпорынның бюджетiнен қаржыландырылатын қызметiнiң басым бағыттарын және мiндеттi жұмыс (қызметтер) көлемiн анықтайды; 2) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөнiндегi есептерiн қарайды, келiседi және бекiтедi; 3) Кәсiпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады; 4) Кәсiпорынның мүлкiн пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етедi; 5) Кәсiпорын мүлкiнiң есепке алуды ұйымдастырады, оны тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi; 6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорынның басшысы (бұдан әрі – Бас дәрігер) оның органы болып табылады.
  2. Бас дәрігері тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Басқару органы Кәсіпорын Бас дәрігермен еңбек қатынасын Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес жеке еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақтылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Бас дәрігерінің жауапкершілігі айқындалады.

  1. Кәсіпорынның Бас дәрігері Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2. Кәсіпорынның Бас дәрігері Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  3. Кәсіпорынның Бас дәрігері дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Бас дәрігер:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді; 3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды; 4) сенімхаттар береді; 5) банктік шоттар ашады; 6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді; 7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады; Басшының ұсынымы бойынша Құрылтайшы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы Жарғыда белгіленеді. 8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штат кестеcін, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін бекітеді; 9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін Басқару органына кандидатуралар ұсынады; 10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.    

  1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы

Кәсіпорынды басқару  

  1. Кәсіпорында Құрылтайшы ұсынысы бойынша Кәсіпорын органы – байқау кеңесі құрылуы мүмкін.
  2. Байқау кеңесі құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорындарға қойылатын өлшемдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
  3. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
  4. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru