Диабет мектебі

ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАР МЕКТЕБІНДЕ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы ереже

        1.1. Қант диабетімен ауыратын науқастар мектебі (бұдан әрі – диабет мектебі) республикалық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарының базасында құрылады. Диабет мектебі мемлекеттік емес құрылым ретінде де ұйымдастырылуы мүмкін.
1.2. Диабет мектебінің негізгі мақсаты қант диабетімен ауыратын науқастарды және олардың туыстарын өзін өзі бақылау әдісіне оқыту болып табылады.
1.3. Диабет мектебінде оқытуды «Диабет мектебі» тақырыбы бойынша оқыту курсынан өткен мамандар жүзеге асырады.
1.4. Диабет мектебінің негізгі функциялары құрылымдық бағдарламалар бойынша қант диабетімен ауыратын науқастарды оқыту ұйымдастырылады.

1.5. Аға мейіргерлер есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

1.6.Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйымның Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.

1.7. Мектепке қант диабетімен ауыратын оқудан өткен (бірінші цикл) науқастар, немесе оқытудан қайта  өткен (қолдаушы цикл) науқастар жіберіледі.

Кетоацидоз жағдайындағы ауыр науқастарға, айқын шиеленісуі бар ілеспе аурулар кезінде едәуір көру жоғалуына, естудің, жадының бұзылуы, психикалық бұзылыстары бар адамдарға оқыту жүргізілмейді.

1.8. Оқыту құрылымдық бағдарламалар бойынша әрбір санаты бар жеке науқастарға жүргізіледі:

* 1 типті қант диабетімен ауратын науқастар

* 2 типті қант диабетімен ауратын науқастар

* Инсулин қабылдап жатқан 2 типті қант диабетімен ауратын науқастар

* Балалар және жасөспірімдер, қант диабетімен ауратын науқастар және олардың туыстары

* Қант диабетімен ауратын науқастар жүктілер

 

  1. Мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Мектептің негізгі мақсаты қант диабетімен ауыратын науқастардың оқытуды ұйымдастыру формаларын жетілдіру болып табылады.

2.2. Мектептің Негізгі міндеті – қант диабетімен ауыратын науқастарды өзін-өзі бақылау әдісімен, жүргізіліп жатқан емнің нақты өмір сүру жағдайларына бейімдеу, аурудың жіті және созылмалы асқынуларын алдын алуды оқыту болып табылады.

 

  1. Мектептің функциялары

 

Мектептің негізгі міндеттеріне сәйкес

3.1. Қант диабетімен ауратын науқастардың оқуын әзірлеген құрылымдық бағдарламалар бойынша ұйымдастырады.

3.2. Қант диабетінің асқынуын алдын алу және өзін-өзі бақылау жүргізу бойынша бастапқы және қайталама оқу циклдарын жүргізеді.

3.3. Қант диабетімен ауратын науқастардың білім деңгейін бақылайды.

3.4. Мектеп жұмысының тиімділігін талдайды.

3.5. Қант диабетімен ауратын науқастарға арнайы көмек көрсетуге қатысатын мамандар мен басқа да бөлімшелер жұмысы мен өз қызметін үйлестіреді.

 

 

 

  1. Қорытынды

 

Емделушілерді оқыту бағдарламасы «ақылға қонымды жеткіліктілік» принципі бойынша жасалуы тиіс. Бұл, науқастарға беретін теориялық мәліметтер, нақты бағыт беруі тиіс, яғни, негізгі патогенезі симптомдары мен қант диабеті кезіндегі жағдайды қолжетімді түсіндіру, емдік және профилактикалық іс-шараларын қажеттілігін негіздеу болып табылады. Кез келген биохимия егжей-тегжейін, диабет патогенезінің, медициналық терминологияны қамтуы тек қажет шамада ғана, және олар емдеумен және алдын алумен тікелей байланысты болғвн кезде тереңдету. Бағдарламаның ақпараттық кептелуі науқастардың назарын төмендетеді және оқуға теріс қарым-қатынас қалыптастырады. Осыған байланысты бағдарламалар нақты жоспарлау, қажет болған жағдайда, оны түзету сақтау өте маңызды болып табылады.

 

Осы оқу бағдарламасын өткізудегі жалпы мақсат, бірақ себептер бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Айта кету керек, бұл бірлескен әртүрлі типті диабетті науқастарды оқытуға жол берілмейді.

 

 

 

 

Қант диабеті бойынша

САБАҚ ЖОСПАРЫ

N

пп

Сабақ тақырыптары Орындауға жауаптылар
1

 

Мектептің медициналық білімі мен мақсаттары және міндеттері. Сабақ жоспарымен танысу. Қант диабеті туралы түсінік. Қант диабетінің таралуы. Қант диабетінің алғашқы белгілері және клиникалық сипаттамасы. Бөлім меңгерушісі

Аға мейіргер

Кіріспе сауалнама өткізу. Қант диабеті кезінде өзін-өзі бақылау оқыту әдістері. Салауатты өмір салты туралы бейнефильм көрсету.
2

 

Қант диабетінің метаболикалық және мінез-құлықтық қауіп факторлары. Қант диабетінің асқынулары және олардың клиникалық сипаттамасы. Бөлім меңгерушісі

Аға мейіргер

Қант диабетінің асқынуларын алдын алу бойынша бағытталған танысу ұсынымдары.
3

 

 

Қант диабетін алдын алу – ұтымды тамақтану. Тамақтанудың денсаулыққа әсері. Семіру типтері. Дұрыс тамақтану ережесі. Сауығу кезеңдері, тамақтану әдеттері. Бөлім меңгерушісі

Аға мейіргер

 ДМИ (дене массасының индексі) есептеу. Қант диабеті кезінде тамақтану. Тәуліктік азық жиынтығының шамасы. Жеті күндік мәзір шамасы.
4

 

Қант диабетін алдын алу – гиподинамиямен күресу. Физикалық белсенді өмір салтын ұстану маңыздылығы. Ұғымдарды анықтау. дене Белсенділік моделі. Әр түрлі контингенттердегі дене белсенділігінің ерекшелігі. Дене белсенділігін жаттықтыру әсері. Бөлім меңгерушісі

Аға мейіргер

Өзін-өзі басқару бойынша ұсыныстар, физикалық жүктемелері бар жаттығушы режимге дене белсенділінің режимін арттыру. Дене белсенділін арттыру мәселелері бойынша жеке кеңес беру.
5

 

Дәрі-дәрмексіз әдіспен – қант диабетін алдын алу. Ұтымды психотерапия. Ауру мен емдеуге науқастың барабар қарым-қатынасын құру. Стресс жағдайлар тұрақтылық дамыту. Сауықтыруға ынталандыру қалыптастыру. Фитотерапия. Бөлім меңгерушісі

Аға мейіргер

Аутотренинг негіздерімен оқыту. Күн режимін қалыпқа келтіру, бос уақытын тиімді бөлу бойынша ұсыныстар Өзіне-өзі массаж тәсілдерін көрсету.
6 Қант диабетінің асқынуларын алдын алу– зиянды әдеттерден бас тарту. Шылым шегу мен алкоголизм таралуы. Зиянды әдеттердің денсаулыққа және әсері болжамы. Темекі шегу шектеу бойынша заңнама. Алкогольді тұтыну бойынша күрестердің іс-шаралар жоспары. Дәрігер

Мейіргер

Темекі шегуді еңсеру тәсілдері. “Қара қарға”бейнефильмін көрсету. Қорытынды сауалнама. Дәрігер

Мейіргер

 

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru