12 мамыр – халықаралық мейірбикелер күні.

20160512_112308 Мейірбикелер кәсіби мерекесі,   жыл сайын 12 мамырда   Дүниежүзілік Мейірбикелр кеңесінің  қолдауымен атап өтіледі.  2016 жылдың 12 мамырнда АТҚКД әкімшілігі мен кәсіподағы барша мейірбикелерді кәсіби мерекелерімен құттықтап,  Құрмет грамоталарын тапсырды. Мейірбикелер – бұл бастапқы медициналық білім алған мамандар  және  дәрігердің немесе фельдшердің науқастарды күту бойынша нұсқамаларын орындайтын,  міндетті көмекшілер , себебі олар  емдеу мерзімі бойы пациенттермен тікелей жұмыс істейді . Мейірімді мейірбике мамандығы – ізгілікті және қоғамға пайдалы мамандардың бірі. Дұрыс айтады,  емдеудің сәтті өтуі және пациенттердің жылдам  оңалтуы , 50% дұрыс күтімнен тұрады. Барлық уақыттарда  жылы да, қамқор, нәзік мейірбике қолдары  миллиондаған науқастардың денсаулығын сақтап, тіпті өмірін құтқарған, бұл – дауласуға жатпайтын шындық. Алматы қаласында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта, мейірбике  құрметіне  ескерткіш ашылды. АТҚКД қызметкерлері, ескерткіштің ашылу құрметіне арналған митингтің  гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Мереке тарихы.

Алғаш рет бұл мерекенің бастамасы 1953 жылы ұсынылды, әлемде бірінші болып қайырымдылық қызметінің құрылуының жүзінші мерейтойын атап өтіуіне орай. 1853 жылы,  Қырым соғысының басталған мерзімінде ағылшын мейірбикесі  Флоренс Найтингейл  тұңғыш болып мейірбикерелер қызметін ұйымдастырған. Мейірбикелер алғы шепте, әр минут өз өмірлерін қауыпқа төндіріп жаралыларға алғашқы көмек көрсетуге атсалысады. Бұл қызметте орыс медбикелер көп болды. Қырым соғысы жылдарында,  әскери госпитальдарда өз еркімен әйгілі отбасылардың көптеген әйелдері  жұмыс істед, соның ішінде императрица Александра және ІІ Николайдың  әйелі мен қыздары. Бірінші рет бейресми түрде  мереке 1965 жылы атап өтілді . Бірақ ресми мәртебесін 1974 жылы ғана алды. Дүние жүзілік медбикелер қоғамы Флоренс Найтингейл туған күніне орай 12 мамырда  Мейірбикелердің кәсіби мерекесін атап өтіуіне шешім қабылдады.

Мереке дәстүрі.

Халықаралық мейірбикелер күнін 12 мамырда емханалардың бүкіл орта медициналық қызметкерлері , ауруханалардың және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінде, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінде медициналық колледждер мен жоғарғы оқу орындар  студенттері мен оқытушылар құрамы  тойлады . Атап өтетін жайт, жыл сайын мереке  белгілі бір тақырыпқа байланысты жүргізіледі. Мысалы,  2010 жылғы тойлау  науқастарға  күтім жасау үшін инновациялық ғылыми әзірлемелерге  арналған, ал  2007 жылы орта медициналық қызметкерлердің  жұмысының сапасын арттыруына.

Мереке күні  денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдары міндетті түрде  өз қызметкерлерін  (мейірбикелерді, санитарларды) құттықтайды  және  бағалы сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттайды. Қызыл Крест әрбір екі жыл сайын 12 мамыр күні 50 үздік мейірбикелерді Флоренс Найтингейл атындағы  медальдармен  марапаттайды.

Межрайонный противотуберкулезный диспансер Алматы © 2015 KlasterWeb
Рейтинг@Mail.ru